Кеше облыстық тарихи-өлкетану музейінде ғылыми комиссияның кезекті отырысы өтті.
Кеше облыстық тарихи-өлкетану музейінде ғылыми комиссияның кезекті отырысы өтті.
Отырыста қалалық және аудандық музейлердің қорына түскен жәдігерлерді ресми қабылдап, рәсімдеу үшін сараптама жасалды.
Құнды дүниелер мен құжаттарды мұқият сақтап келген жерлестер музейге табыстап, ұрпаққа аманат жасауда.
Наурыз айында облыстық музей қорына көне кітаптар мен қолөнер шеберлерінің құрал-сайманы түссе, Бөрлі, Шыңғырлау, Теректі, Жәнібек, Мәншүк Мәметова музейлері ҰОС ардагерлерінің құжаттары мен марапаттары, сирек кітаптар мен газеттер, фотосуреттер, өзге де тарихтан сыр шертетін жәдігерлермен толыққан.
Комиссия мүшелері сараптау барысында әр заттың құндылығына, тарихының тереңдігіне, сапалы сақталуына зер салып, негізгі және қосалқы қорға ресми қабылдау туралы ұсыныс жасады.