Сырлы әлем
«АТАМЕКЕН» өнер ордасы көрме ұйымдастыру бөлімі
25.12.2025
2025 жылдың 25 желтоқсан күні, сағат 16:00-де БҚО тарихи-өлкетану музейінің Көрме ұйымдастыру бөлімі «Атамекен» өнер ордасының көрме залында Батыс Қазақстан облысы суретшілерінің “Сырлы әлем” атты көркемсурет көрмесін ашады.
Көрменің мақсаты – шығармашыл тұлғалардың бірегей туындыларын көпшілікке таныстырып, олардың шығармашылық ізденісін, тақырыптық және стильдік ерекшеліктерін көрсету.
Көрме залында Батыс Қазақстан облысы Суретшілерінің түрлі жанрлардағы өткен тарихтың сарыны, халқымыздың рухани құндылықтары, елдің мақсат-мұраты мен ұлттық қасиетінен көрініс табылатын туындылары қойылады.