«Өткеннен тағылым алып - болашаққа сеніммен қадам бас!»

Музейде тарих пәні мұғалімдерінің қалалық семинары өтті

03.03.2026 «Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі» МКҚК

БҚО әкімдігі Білім басқармасының Орал қаласы білім беру бөлімінің №19 ЖОББМ ұйымдастыруымен «Білім беру кеңістігіндегі музей: заманауи тәжірибелер» атты қалалық практикалық семинар өтті.
Тарих пәні мұғалімдеріне арналған семинарда музей директоры Жантас Нәбиоллаұлы музей мен мектеп арасындағы байланысты нығайтып, оқушылардың тарихи-мәдени мұраға қызығушылығы мен құрметтін арттыру арқылы білім мен тәрбиені қатар берудің маңызына тоқсталды.
Мұғалімдер арасында ашық диалог орнатуды мақсат еткен семинар барысында музейдің тас дәуірінен тәуелсіздік кезеңіне дейінгі экспозициялық залдары қамтылып, ұйымдастырушылар музей педагогикасын қолданудағы тәжірибелерін бөлісті.
Тарихшы мұғалімдермен кездескен археолог Яна Амангелдіқызы облысымыз ғана емес, отандық тарих ғылымының жаңалығы болған Алтын ханшайымның археологиялық қазба жұмыстары, Тақсай ханшайымы туралы толық ғылыми ақпарат берді.
Сондай-ақ шараға БҚО Хан Ордасы тарихи-мәдени, архитектуралық-этнографиялық музей-қорығының директорының міндетін атқарушы Гүлмару Самиғоллақызы да қатысты.
Семинар соңында мұғалімдер алған әсері мен пікірін білдірді.

Scroll to Top