«Өткеннен тағылым алып - болашаққа сеніммен қадам бас!»

Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі мен Білім басқармасының әдістемелік орталығы арасында білім беру жүйесінде музей педагогикасын дамыту жөніндегі өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

28.02.2026 «Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі» МКҚК

Бүгін Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі мен Білім басқармасының әдістемелік орталығы арасында білім беру жүйесінде музей педагогикасын дамыту жөніндегі өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

Қала және аудан мектептерінің пән мұғалімдері бас қосқан шарада білім беру мен патриоттық тәрбие берудің өзекті аспектілері сөз болды.

“Бұл маңызды қадам мемлекет ұстанған идеологиялық бағытты шынайы іске асыру. Өңірдегі музейлер мен мектеп арасындағы байланысты жаңа деңгейге көтеріп, өскелең ұрпақтың тарихи-мәдени мұраға деген қызығушылығын арттыруға және тәрбиелік әлеуетті күшейтуге мүмкіндік жасау” — деген музей директоры Жантас Сафуллин бастамаға қолдау танытқан барша жанашыр ұстаздарға алғыс білдірді.
Білім басқармасы әдістемелік орталығының басшысы Гүлмира Кубашева
ынтымақтастық аясында атқарылуы тиіс жұмыстардың маңыздылығына тоқталып, пәндік білімді өлке тарихымен сабақтаудың ұтымды тұстарына тоқталды. Одан әрі пікір білдірген ұстаздар мен музей бөлімінің меңгерушілері ортақ мүддеге бағытталған ұсыныстарын ортаға салды.

Аталмыш меморандум білім беру мен мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға, өңірлік деңгейде музей педагогикасын дамытуға және музей мен білім беру ұйымдары арасындағы өзара іс-қимылды жүйелеуге бағытталған.
Ынтымақтастық шеңберінде музейлік сабақтар мен көшпелі көрмелер ұйымдастыру, бірлескен жобалар мен ғылыми-зерттеу жұмыстары, өлкетану экспедициялары, педагогтарға арналған семинарлар мен әдістемелік вебинарлар ұйымдастыру жоспарлануда. Сонымен қатар цифрлық білім беру ресурстарын әзірлеу, ғылыми-әдістемелік материалдар дайындау және мектеп музейлерінің экспозициялық каталогын жасау көзделген.

Scroll to Top