«Өткеннен тағылым алып - болашаққа сеніммен қадам бас!»

Бүгін музейде кеңейтілген кеңес отырысы өтті

18.02.2026 «Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі» МКҚК

Қалалық бөлім меңгерушілері мен қызметкерлер бас қосқан жиынға аудандық музей меңгерушілері онлайн қатысты.
Жаңа Конституцияның негізгі бағыттары мен енгізілген өзгерістер туралы түсіндіру, Наурыз айындағы мейрамдардың ұйымдастырылуы, хаттамалық тапсырмалардың орындалуын талқылаған басқосуда
әріптестер Ата Заңдағы жаңашылдықтардың басты мақсаты – халықтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, заң үстемдігін нығайту, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру және әділетті қоғам қалыптастыру екенін атап өтті. Сонда-ақ өздерін толғандырған сұрақтар бойынша пікір алмасып, ұсыныс-пікірлерін білдірді. Әсіресе мәдени мұраны қорғау, мемлекеттік қолдау шаралары, жергілікті басқару және сала мамандарының әлеуметтік жағдайы секілді мәселелер кеңінен талқыланып, алдағы саяси науқанның маңыздылығы түсіндірілді.
Ең маңызды мерекелер тоғысқан Наурыз айында жұмысты жан-жақты ширата түсудің тың тәсілдерін ойласқан әріптестер, ұтымды ұсыныстарын ортаға салды.

Scroll to Top