БҚО тарихи-өлкетану музейінде іскерлік кездесу өтті
13.02.2026
·
«Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі» МКҚК
Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Жантас Набиоллаұлы Сафуллин Астана қалалық мәслихатының депутаты, «Ademi-Ai» компаниясының басшысы, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Бахаргүл Төлегенмен кездесті.
Кездесу барысында музей қорындағы құнды экспонаттар негізінде кәдесый өнімдерін әзірлеу, оларды заманауи форматта насихаттау мәселелері талқыланды. Қонақ музейге арналған арнайы өнімдер дизайны мен каталог нұсқаларын ұсынып, осы бағытта бірлескен жобаларды жүзеге асыруға дайын екенін білдірді.
Тараптар музейдің мәдени-ағартушылық және имидждік мүмкіндіктерін арттыру мақсатында өзара ынтымақтастықты дамытуға уағдаласты.